• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Аяқ киімнің бауымен қылқындырып адам өлтірген павлодарлыққа сот үкімі шығарылды

Аяқ киімнің бауымен қылқындырып адам өлтірген павлодарлыққа сот үкімі шығарылды

 

 

Іс материалдарына сәйкес қос павлодарлық қаңтар айында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында танысқан. Кейін бірге ішімдік ішкен. Ломов көшесіндегі тұрғын үй кіреберістердің біріне барған екеуі сөзге келіп қалған. 32 жастағы тұрғын 27 жастағы танысын әуелі тепкінің астына алып, содан кейін аяқ киімнің бауымен қылқындырған. Екіншісі бірден жан тапсырған. Айыпталушы өлтіретін ойым болмады деп ақталғанымен сот үкімін жариялады.

 

- ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Айыпталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздігі мекемесінде өтейді,-дейді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдайбай Сұлтанов.

 

Сонымен қатар, сотталушыға қайтыс болған азаматтың әпкесіне миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.