Ақсу ауылдық аймағында ірі көлемде жылқы ұрлаған күдіктілер ұсталды
Күзгі-қысқы маусымда мал ұрлығына қатысты қылмыстардың саны артады. Осы орайда Павлодар өңірінің жедел уәкілдер жылқы ұрлаған күдіктілерді құрықтады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақсу қаласы ауылдық округі Жолқұдық ауылының маңында еркін жайылымнан 25 бас жылқы ұрланған еді.
-Полиция күдікті ретінде төрт облыс тұрғынын ұстап, тергеу барысында олардың жылқы етін Екібастұз қаласына тапсыруды жоспарлағаны анықталды. Алайда арам пиғылдарын алдын алу мүмкін болды. Күдіктілер жолда тоқтатылды. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Нұриман Валеев.
Айту керек, 18-20 қараша аралығында Павлодар облысында “Мал ұрлаушы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
фото: Облыстық ПД