• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты алдағы бес жылда 50 мың ағаш отырғызуды жоспарлауда

Ақсу ферроқорытпа зауыты алдағы бес жылда 50 мың ағаш отырғызуды жоспарлауда

- Жасыл «КазХром» акциясы жақсы бастама. Жастар отбасымен келіп, ағаш отырғызып жатыр. Бұл қаланың көркеюіне, кішкентай баланы тәрбиелеуге керемет бастама. Табиғатты қорғау мақсатындағы көптеген акцияларға әрдайым өз үлесімізді қосамыз, - дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының электромонтері Төлеухан Сағындық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза табиғат» жобасы аясындағы экологиялық шаралар метталлургтер шаһарында ерекше назарда. Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлері дәстүрлі  «Жасыл Казхром» науқанын биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған.

- Алдағы 2025 жылға дейін Ақсу қаласы мен ферроқорытпа зауытының санитарлық қорғау аумағында 50 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазір қала әкімдігімен  ауқымды жер бөлігін нақтылау жүргізілуде, - деп бөлісті Ақсу ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Инна Давыдова.

Ақсу ферроқорытпа зауыты табиғатты қорғау бағдарламасы аясында биыл көптеген шара жоспарлаған, оның басым бөлігі жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін қала мен Ақсу ферроқорытпа зауыты арасындағы жол бойына бір мың көшет отырғызылады. Кейін оларды баптап, өсуін де қадағаламақ. Алдағы уақытта Ақсуды жасыл желекпен көркейту науқаны  жалғасын таппақ.