Ақсу мен Павлодарда заңсыз құрылыс жүргізген шетелдіктер ұсталды

 

Облыс аумағында «нелегал» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп, полиция тексеріс аясында құрылыс нысандарында еңбек келісімінсіз жұмыс істеп жүрген кезекті шетел азаматтарын анықтады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Көші-қон заңнамасын бұзушылар облыс аумағында Павлодар және Ақсу қалаларында жұмыс жасаған көрінеді.

 

-Павлодар қаласында Лесная-Казправда көшесі бойында уәкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс ғимаратының құрылысшылары ретінде еңбек қызметін жүзеге асырған көрші мемлекеттердің үш азаматы ұсталды. Сол сияқты, Ақсу қаласында Ленин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің аумағында шетел азаматының заңсыз еңбек қызметі фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының жұмыс берушілерге қатысты заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін әкімшілік материал да толтырылды,-деп мәлім етті Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының м.а. Александр Кузьменко.

 

Айту керек, жедел-профилактикалық іс-шараның үш күні қорытындысы бойынша облыс бойынша көші-қон заңнамасының 152 бұзылуы анықталды. 14 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 13 сот шешімі шығарылды. Бұдан басқа, 4 шетелдік қабылдағыш-таратқышқа орналастырылған.

 

Фото: Freepik.com