• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Ақсу тұрғыны материалдық шығын талап еткен әйелді бөлшектеп тастаған

Ақсу тұрғыны материалдық шығын талап еткен әйелді бөлшектеп тастаған

Тергеу нұсқасы бойынша Ақсу тұрғыны қылмысты 2020 жылдың 11 қазанында жасаған. Кешке қарай әйелімен және тағы бір танысымен ішімдік ішкен. Сол кезде оларға Галина Губина келген. Ол да ішіп, біраздан соң өзін бұрын ұрғаны үшін материалдық шығын талап еткен. Ер адамға бұл ұнамай қалған. Ол пышақ алып қасақана соққы жасаған. Әйел ваннаға құлап түскен, нәтижесінде айыпталушы оның денесін бөлшектеуді шешкен. 

 

- Белгісіз пышақ көмегімен Губинаның мәйітін бөлшектеген. Қолын, иығын, аяқтарын кесіп, сирақ, табандарын, санын жеке туралаған. Қарынын  жарып, ішінен барлық органдарын алып шыққан. Басын кесіп алып, көзін ойып, мұрынын, ерінін, екі беті мен шашын жеке кесіп алған, - деді прокурор.

 

Айыпталушы денені бірнеше пакетке бөліп салған. Кеуде тұсын тоңазытқышта сақтаған. Таңертең велосипедпен қала ішіндегі түрлі қоқыс контейнерлеріне Галина Губинаның қалдықтарын лақтырып кетіп отырған. Аяқ қолын және кеудесін кешке жақын жеке алып шығып, жер астына көміп тастаған. Ол сүйектерді көктемде көңқордадан тауып алды. Бүгін сотта ер адам кінәсін толық мойындамады. Әйелді өлтіргеніммен, денесін бөлшектемедім деп түсіндірді. Естеріңізге сала кетейін, Галинаны жарты жыл іздеді, нәтижесінде тергеу оған қылмыс себеп болуы мүмкін деген қорытындыға келді. 

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы