• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Ақсуда ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан ер адамға айыппұл салынды

Ақсуда ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан ер адамға айыппұл салынды

 

 

Сыныптың онлайн жиналысына қатысқан ата-аналардың біріне қомақты айыппұл салынды дейді irbistv.kz тілшісі.

Ақсу қаласы мектептері бірінің екінші сынып оқушыларының ата-аналары WhatsApp мессенджері бейне қоңырауы арқылы жиналыс өткізген. Әңгіме барысында қатысушылардың бірі өзгесіне балағат сөздер айтқан. Екіншісі оның бұл әрекеті үшін полицияға жүгініп, арыз жазды.

 

-Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни, балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Іс сотта қаралды, оның шешімімен бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсудың 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

 

Фото: Freepik.com