Ақсуда браконьерлерден электр балық аулау құралы тәркіленді
Тәртіп сақшылары көліктен резеңке қайық пен балық салынған үш қапты, сондай-ақ заңсыз балық аулауға пайдаланылған қолдан жасалған электрлі аулау құралын тапты.
- Балық аулау қағидаларын өрескел бұзып, тыйым салынған құралдар мен тәсілдерді пайдаланған ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Заңсыз балық аулау құралы тәркіленіп, автокөлік арнайы тұраққа қойылды, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінде.
