• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Ақсуда жүргізу куәлігінен айырылған азамат жолаушылар автобусын тізгіндеген

Ақсуда жүргізу куәлігінен айырылған азамат жолаушылар автобусын тізгіндеген

Өрескел заңбұзушылық Хиуаз Доспанова көшесінде өткен полицияның рейдтік шарасы барысында әшкереленді. Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктің рөлінде отырған азаматтың заңды құжаты жоқтығын әшкерелеп, қауіпті сапардың жолын кесті. Көлік ішінде ондаған жолаушы болған.

 

- Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.