Ақсуда жүргізу құқығынан айырылған мас күйінде ұсталды

 

 

Жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан тізгінге отырып, алкоголь ішкен деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ақсу қаласының полиция қызметкерлері “Мерседес” көлігін тексеріп, мас күйінде жүргізген ер адамды ұстады. Ол 2018 жылы 2024 жылдың мамырына дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

- Ер адам жүргізген көлік айыппұл тұрағына қойылды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес жүргізуші орташа дәрежеде мас болған. Ер адам көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді,-деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ағымдағы жылы өңірде полицейлер мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілердің 420 фактісін тоқтатты, барлық құқық бұзушылар жазаланды.

 

фото: Freepik.com