Ақтоғай ауданында 2 тұрғын үй су астында қалды



Павлодар облысында су сору және тасқынға қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жалғасуда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

ТЖД ұсынған соңғы мәлімет бойынша, жолдағы судың жүріп кету жағдайының тоқтауы және су тасқынына қарсы жұмыстардың аяқталуына байланысты "Атамекен - Ертіс - Русская Поляна" автожолында көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу алынып тасталды.

-Ақтоғай, Шарбақты, Тереңкөл аудандарындағы елді мекендердегі су тасқынына қарсы 3 учаскесі бақылауда. Онда су тасқынына қарсы жұмыстар аяқталу сатысында. Ақтоғай ауданындағы 2 тұрғын үй су астында қалып отыр. Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 59 адам, 28 бірлік техника, 12 мотопомпа жұмылдырылды,-деп жеткізді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Өткен тәулікте 90 мың текше метрден астам еріген су шығарылып, 744 тонна инертті материал төгілді.

 

Фото: Облыстық ТЖД