Ақтоғай ауданында газ баллоны жарылды

Аймақтық ТЖД ақпараты бойынша щақырту шамамен күндізгі сағат бірде түскен. Дұрыс пайдаланбағандықтан атылып кеткен. 5 литрлік балон атылған. Нәтижесінде 25 шаршы метр дәліз бен ас үй опырылған. Шатыр да біршама отқа оранған.

 

-Жапа шеккендер бар. Ақтоғай ауданының тұрғыны әйел адамның денесі 35% күйіп қалды. Газ жабдығын сақтау ережесі бұзылған,-деді Ақтоғай ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы Әділхан Мағзамова.