Аққулы ауданы маңындағы жол-көлік оқиғасында ер адам көз жұмды

 

 

Қайғылы жағдай "Омбы-Майқапшағай" автожолында тіркелді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

22 сәуірде Аққулы ауданындағы "Омбы-Майқапшағай" автожолында «Шевроле Кобальт» маркалы автомашинаның жүргізушісі рөлге ие бола алмаған.

 

-Көліп жол жиегіне аударылды. Жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылып, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде,-деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар, 22 сәуірде Павлодар қаласында ВАЗ-21093 маркалы автокөліктің жүргізушісі Сұрағанов көшесіндегі 18-үйге қарама-қарсы жерде жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде

фото: Freepik.com