Аққулы ауданында 50 тонна шөп өртенді

 

 

Мамандардың жедел әрекеті нәтижесінде өртті шаруашылық ауласы аумағынан шығармай, сөндіру мүмкін болды дейді irbitstv.kz тілшісі.

 

Павлодар облысының Қарақала ауылында шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама 12 қазан күні түнгі сағат 01:55-те келіп түскен.

 

-Өрт сөндірушілер алаңы 250 шаршы метр аумақта жұмыс істеді. Жалпы 50 тонна шөп өртеніп жатты. Жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында шаруашылық ауласының аумағында өрт сөндіріліп, басқа ғимараттарға таралмады,-деп мәлім етті облыстық ТЖД

 

Фото: облыстық ТЖД.