Аққулы ауданында Ертістен шанышқымен балық аулаған тұрғын ұсталды

Тәртіп сақшылары заңсыз аң-балық аулау, ағаш кесу және орман қорын жымқыру әрекеттерін тіркеді. Мәселен, Аққулы ауданында Ертіс жағасында тыйым салынған құрал — шанышқымен балық аулаған жергілікті тұрғын қолға түсті. Құқықбұзушыдан резеңке үрлемелі қайық, шам және шанышқы тәркіленіп, әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, браконьерлерді анықтауға бағытталған рейдтер 20 қарашаға дейін жалғасады.