Аққулы ауданында полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

 

 

Суға батқан әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Оған жедел медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Аққулы ауданының полицейлеріне Жамбыл ауылында бір топ адам алкоголь ішіп жатқаны туралы тұрғындардан хабар келген.

 

Белгілінген мекенжай бойынша екі кәмелетке толмаған баласы бар азаматша тұратыны анықталды. Келген сәтте жасөспірімдер анасының Ертіске қарай кеткенін айтты. Автопатруль өзенге қарай бет алып, жағалауда суға батып бара жатқан әйелді байқайды.


-Оның суға батып бара жатқанын көргенде ойлануға уақыт болмады. Мен жүгіріп бара жатып, шешіне бастадым. Жақындағанда, ол су астына кетіп бара жатты. Шынымды айтсам, қорқып та үлгермедім. Тұншығып қалмаса екен деп ойладым. Тез арада ұстап алып, судан алып шықтым,- дейді ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция аға учаскелік инспекторы Елдос Қойкен.


Азаматшаның масаң күйінде болғаны анықталды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін дәрігерлерге жіберілді.

 

Фото: Freepik.com