• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Балға соққысы өлімге әкелді: Павлодарда шаруа қожалығы басшысы 8 жылға қамауға алынды

Балға соққысы өлімге әкелді: Павлодарда шаруа қожалығы басшысы 8 жылға қамауға алынды

 

 

 

Сотта белгілі болғандай жанжал 2022 жылдың мамыр айында орын алды. Оқиғаның мән-жайы хабарланбайды. ШҚ басшысы екі куәгердің көзінше ер адамға тап берген. Өлтіретін ниеті болмаса керек, алайда төбелес өліммен аяқталды. Күдікті қан жағылған балғаны өзімен алып кетіп, жуып тастаған. Алайда тергеу кезінде оны полицейлерге берген.

 

-Сотталушы жапа шегушіні жерге құлатып, қолынан таяқты жұлып алып, жапа шегушінің денесіне 5-6 рет таяқпен ұрған. Сонымен қатар темір балғамен денесінен соққан,-деді Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Әйгерім Байсолтанова.

 

Сот үкімімен айыпталушыны қауіпсіздігі орташа абақтыға 8 жылға қамау жазасын тағайындады. Сонымен қатар 6 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кету керек, судья тыңдаулар кезінде жалған айтқан куәгерлердің біріне қатысты шара қолдану үшін прокурорға жеке қаулы шығарды.