Баласын вокзалда қалдырып кеткен әйелдің ісі сотта қаралды

Бүлдіршінді вокзал жанындағы алаңнан тауып алды. Оны ауруханаға жатқызды, ал полицейлер анасын іздей бастады. Ең бірінші әйелді баласымен Павлодарға әкелген таксистті, кейін өзін анықтады. Келіншек сәбиін әдейі қалдырғанын жеткізді. Полицейлер баланы қауіпте қалдыру деген дерек бойынша  қылмыстық іс ашып, оны қарауға жіберді. Бастапқыда үкімді айыпталуышының өзінсіз шығармақшы болды. Алайда судья бұл ойдан бас тартты. Нәтижесінде барлығын онлайн форматта жинады. Бүгін баланың анасы мен заңды өкілі болып табылатын әжесі татуласқандарын айтты. 

 

- Сотталушы тағылған айыппен келісіп, заңды өкілмен татуласты. Баланың заңды өкілі сотталушыдан ешқандай материалдық шығын талап етпеді. 68-баптың 1-бөлімі бойынша орташа ауырлықтағы қылмыстық әрекет өлімге әкелуге байланысты болмағандықтан, егер ол өтініш берушімен татуласқан болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, - деді сот өкілдері.  

 

Бап қылмыстық әрекетке жататындықтан келісім жасау мүмкін болған еді. Бүлдіршіннің анасы оған қатысты істі тоқтатуды сұрады. Нәтижесінде бұл сот үкімімен қолдау тапты.