Баласына алимент төлемеген Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды

Сот шешіміне сәйкес 35 жасар ер адам 2014 жылы туған баласын күтіп-бағу үшін алимент төлеу міндетін орындамаған. Қазіргі уақытта оның қарызы 3 439 298 теңгеге жеткен. Сот отырысында кінәсін мойындағанымен, алимент төлеуді кейінге қалдырған. Нәтижесінде, сот оны 2 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.