Баянауыл ұлттық паркіндегі орман өрті ауыздықталды

Баянауыл ұлттық паркінде орман шөптері мен ағаш тамырлары жанған. Мамандар тілсіз жаудың таралуына жол бермеді, - деп хабарлайды irbistv.kz.

Оқиға орнына бірінші болып парк қызметкерлері жетті, кейін өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері қосылды. Қызыл жалынның одан әрі өршуіне жол бермеу үшін авиация тартылды. Ұшақпен 9 рет су төгілді. Жалпы көлемі 27 тонна.

- Қазір оқиға орнында қарауыл қызметі күшейтілген. Аумақты Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері бақылап отыр, – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.

Фото:Павлодар облысы ТЖД бейнесі