Баянауыл ауданында түнде тауда қалып қойған туристерді құтқарды
Төрт турист Баянауылдағы таудан төмен түсе алмай, түнде құтқарушылар оларға көмекке келді деп хабарлайды irbistv.kz.
Баянауыл ұлттық паркінде төрт турист Жасыбай көлі жағасында тауға шығамыз деп қиын жағдайда қалған.
- Адамдар жарықта тау басына шығып, кейін дер кезінде төменге түсе алмай қалған. Қараңғыда бұл қиын болған. Кейін құтқарушылар көмекке келді, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті.
Оқиға орнына жедел құтқару жасағы барды. Олар жарықшамдар мен арнайы құралдар арқылы биіктен түсуге көмектесті
Барлық төрт адам табылып, сәтті құтқарылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
Фото: Облыстық ТЖД