Баянауыл ауданындағы дала өрті ауыздықталды

Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы жалпы ауданы 10 000 га дала өрт толықтай сөндірілді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

 

Өртті сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қ. ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68 303 әскери бөлісі, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысқан еді.

 

- Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды. Бүгін Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді. Өрттің ауданы анықталуда,-деді ҚР ТЖД ресми телеграм каналында.

 

Еске сала кетейік, дала өрті қауіпі артқан кезде Баянауылдағы Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың құтқару пунктіне эвакуацияланды.