Баянауылда дала өртеніп жатыр

6 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданы Қоянды ауылының маңында шыққан өрт іргелес жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағын шарпыды дейді irbistv.kz тілшісі ҚР Төтенше ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналына сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы құрғақ шөптің жануы орын алып, мамандар келгенде алдын ала 40 гектар алқап өртенген.

-Сөндіру барысында өңірдің ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы құралымның бір қызметкері күйік алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағында өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғынды Қарағандылық ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жеңіл күйік алған,-деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Күндіз дала өрті Павлодар облысының шекарасынан "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" ормансыз аумағына көшті.

-Өрт орнына жұмылдырылған "Қазавиақұтқару" тікұшақтары құрылғысына Шалқаркөл көлінен су қармап алынды. Сағат 17:00 жағдай бойынша өрт ошақтарына 6 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді. Сондай-ақ аэровизуалды барлау барысында Желтау кентінің тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қауіпсіз жерге 18 адам, оның 8 бала эвакуацияланды,-деп мәлім етті ҚР ТЖМ.

Айту керек, өрт аумағында ҚР ТЖ вице-министрі Еран Нұрпейісов жұмыс істеуде. Өрт орнында Қарағанды және Павлодар облыстарынан ТЖД, ЖАО, ЭТРМ күштері жұмылдырылды: жеке құрамнан 183 адам, 56 бірлік техника және 4 тікұшақ. Өрттің алдын ала ауданы 3000 гектардан асты.

Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін ТЖ-ны жою штабында 8 721 2 51 72 23 жедел желі телефоны жұмыс істейді.

фото: freepik.com