Баянауылда суға бата жаздаған әйел құтқарылды

 

 

57 жастағы әйелді күйеуі судан шығарып алған деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Оқиға 1 тамыз күні Баянауылдағы демалыс аумағында болған. Суға батып бара жатқан әйелге алғашқы болып оның жұбайы көмекке келіп, оны алып шығарған. Осыдан кейін оқиға куәгерлері жедел медициналық жәрдем шақырды. Дәрігерлер оқиға орнына 9 минут ішінде жеткен көрінеді.

 

– Өткен демалыс күндері облыстық жедел жәрдем станциясына түсетін жүктеме дәстүрлі түрде артты. Өткен бейсенбіде мұнда 687 шақырту тіркелсе, жексенбі күні бұл көрсеткіш 806-ға жетті, – деп хабарлады Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында.