Баянауылда таудан түсе алмаған екі туристті құтқарды
Павлодар облысында екі ер адам таудан өздері тұсе алмай, құтқарушылардың көмегі қажет болды деп хабарлайды irbistv.kz.
Оқиға Баянауыл ауданында болған. 2003 жылы туған екі турист Торайғыр ауылы жанындағы «Пик смелых» тауына көтеріліп, төменге түсе алмаған.
- Тік әрі тасты биіктен түсу туристер үшін қиынға соққан. Алайда құтқару операциясы сәтті өтіп, екі адам қауіпсіз жерге көшірілді. Медициналық көмек қажет болмады, - деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.
Фото: Freepik.com
