Баянауылда таудан түсе алмаған демалушылар құтқарылды

 

 

Қуанышқа орай, құтқарушылар жастарға таудан түсуге көмектесті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Демалушыларды арнайы жабдықтардың көмегімен биіктіктен түсіруге тура келді.


-1997 жылы туылған жігіт пен 2000 жылы туылған қыз бала тауға көтерілді, күн батқаннан кейін олар өздігінен түсе алмады. Оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберілді. 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, -дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, құтқарушылар "Ақбет" тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50-жастағы ер адамға да көмектесті. Оған медициналық көмек қажет емес болды.

 

Фото: Облыстық ТЖД