Баянауылда қарақұрттарды жою жұмыстары жалғасуда

 

 

Мамандар Торайғыр көлінің маңында қарақұрттарды биологиялық әдіспен көзін жоюда дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Бұған дейін Баянауыл ауданында улы зиянкестің күрт көбеюіне байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау талқыланып, мамандар залалсыздандыра бастаған еді. Улы жәндікті жою жүргізілгенімен, Торайғыр демалыс аймағында қарақұрт әлі де көп. Осы күні Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы Торайғыр көлінің маңында жұмыстар жалғасуда.

 

- 11 қыркүйек күні қарақұрттарды биологиялық әдіспен көзін жою жұмыстары жасалды. 82 дана қарақұрттың жұмыртқалары мен 12 дана аналықтары жиналып, олардың көздері жойылды,-деп мәлім етті Баянауыл ұлттық паркінде.

фото: Freepik.com