• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Беларусь азаматын Павлодардағы көпқабатты үйге жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама үшін жазалады

Беларусь азаматын Павлодардағы көпқабатты үйге жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама үшін жазалады

Өткен жылдың қыркүйек айында ер адам телеграмм каналдардың бірінде Павлодардағы үйдің жарылатыны жөнінде ескертіп, аудиохабарлама жіберген. Адамдар бұл үшін жаза барын айтып ескерткен. Ал жедел мән беру қызметтері оның мұндай әзілін түсінбеді. Telegram-каналда оқырмандар алаяқтардан түсетін қоңыраулар туралы айтып жатқан. Бұл әңгімеге Павлодарда қонақта жүрген 28 жастағы Брест тұрғыны араласқан.

 

-Але, мені қалай естіп тұрсыздар? Қатаев көшесі 21-ші үйді жарып тастаймыз! Иә, бізді қамауға алады,-делінгін жігіттің аудиохабарламасында.

 

Адамдар комментарийлерде ер адамды мұндай әзіл үшін абақтыға қамауы мүмкін екенін ескерткен. Ал полиция, ҰҚКД және ТЖД өкілдері жедел мән берді. Олар Катаев, 21 мекенжайына барып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Жарылғыш затты іздеп, таппады. Нәтижесінде лаңкестік актісі бойынша жалған хабарлама үшін қылмыстық іс ашты. Сотта Беларусь азаматы кінәсін жоққа шығармады, өз әрекетін мас болдым деп түсіндірді.

 

-Жеңілдететін жағдайлар, яғни шын жүрегімен өкінгенін, кінәсін толық мойындағанын, жас екенін және денсаулығын ескере отырып, сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылықты жасау кезінде мас күйде болғаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен бірге ҚР аумағынан шығарылады,-деді Павлодар облыстық №2-сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Сот үкімінде көрсетілгендей Брест тұрғыны үкім оқылғанға дейін ТЖД ҰҚКД және полицияға келтірілген шығынды өтеген. Ал 28 жастағы жігіттің өзі оны Беларусь Республикасына үйіне жіберуді сұрады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.