• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Белгіленген уақыттан тыс: Павлодарда ішімдік сатқан дүкен жауапқа тартылды

Белгіленген уақыттан тыс: Павлодарда ішімдік сатқан дүкен жауапқа тартылды

Заңсыз сауда дерегі қаладағы дүкендердің бірінде анықталды, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Белгілі болғандай, сатушы ер адамға заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқан.

 

- Сауда орнының иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті шешім қабылдау үшін іс құжаттары сотқа жолданды. Сонымен қатар сатушыға сауда сағаттарын қатаң сақтаудың маңызы мен заң талабын бұзудың салдары ескертілді, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

 

Айта кетейік, өңірде жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы бері тәртіп сақшылары 1058 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кескен. Оның ішінде 229 дерек - ішімдік ішуге, ал 33 жағдай ұсақ бұзақылыққа қатысты болып отыр.