Биыл облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 40 бала түрлі жарақат алды



Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны аз емес деп жеткізді irbistv.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, көбінесе балалар жүріс бөлігін рұқсат етілмеген жерде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын жүретін көліктің алдында өтеді. Сондай-ақ велосипедтерді, мопедтерді және мотоциклдерді жүргізу кезінде жол жүру ережелерін бұзу орын алады.

– Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді, онда 40 бала түрлі жарақат алды, -деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД.


Фото: Freepik.com