Бұрынғы шенеунік өз қызметіне сот арқылы оралмақ

2020 жылдың желтоқсанында сол кезде сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі департаментінің басшысы болған Айдар Тастеміров тәртіптік кеңесте сотқа дейінгі тергеудің мән жайы туралы айтқан еді. Қойсомасов пен оның орынбасары Жакупов кәсіпкерден жарты миллион теңге алған деді. Жазда сыбайлас жемқорлықпен күрескер мамандары шенеуніктерді ұстағаны туралы жедел бейне жариялаған еді. Нәтижесінде қылмыстық істі жапты. Алайда тәртіптік іс пайда болды. Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығарды. Қойсоймасов бүгін осыны сот арқылы дауламаққа тырысты. 

 

- Қуаным берушінің талабына сай ол мемлекеттік қызметке нұқсан келтіру бойынша тәртіптік әрекет жасағаны үшін жұмыстан шығару ретіндегі жазамен келіспейді. Себебі мемлекеттік қызметке нұқсан келетіндей ештеңе жасамаған. Сонымен қатар тергеушінің тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы  ұсынысы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде оран алған, - деді судья.

 

 

Бұрынғы басқарма басшысының қорғаушысы қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін қылмыстық іс тоқтатылды деді. Сол себепті Қойсоймасовты бұл ақтайды. Сонымен қатар ресми тұлғаларға қандай да бір сыйлық беру дерегі немесе айғағы жоқ. Былайша айтқанда экс шенеунікті соңында кінәсіз болып шыққан қылмыстық іс бойынша жұмыстан шығарып тастаған. Облыстық әкімдік өкілі өз кезегінде тергеумен айланысып жатпағандарын айтты. Ұсыныс бойынша шешім қабылдаған. 

   

- Жаза тәртіптік кеңес ұсынысы бойынша қабылданады. 53-ші тармаққа сәйкес қызметтік тергеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаменті жүргізеді. Соған байланысты Қойсоймасов Ринатты жұмысынан шығару шешімі қабылданды, - деді Павлодар облысы әкімдігінің өкілі.

 

Сот отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері сөйледі. Олар қуынымды қабылдамау керектігі туралы айтты. Қылмыстық тергеудің өзі мемлекеттік қызмет мәртебесіне нұқсан келтірді дейді. Қойсоймасов оны жұмысына қайта қайтарып, өзі мәжбүрлі түрде болмаған айлардың жалақысын қайтаруды талап еткен еді.