Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Екібастұз қаласында ер адамның таныстарын іздеуде

оқиғалар

12

2021 жылдың 12-ші қаңтарында сағат 9.00 шамасында Екібастұз қаласының патрульдік қызметкерлері 45-50 жасар шамасындағы көше бойында баяу кетіп бара жатқан ер адамды байқаған. Тәртіп сақшылары оның денсаулығы нашар екендігін байқап жедел жәрдем қызметін шақырған. Шақыртуға келген дәрігерлер оның «инсульт» алғанын растап, ауруханаға жатқызды. Ер адамның қасында құжаттары болмаған, сондықтан қазіргі таңда кім екенін анықтау мүмкін болмай отыр дейді тәртіп сақшылары.

 

- Егер кім де кім бұл адамды танитын болса, бірден 102 телефонына хабарласуды сұраймыз. Және қазіргі суық уақытта барынша бір-бірімізге қамқор болып, көмекке келуді ұмытпайық, - дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайыржан Шақарғалеив.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()