Екібастұз ауласында төбелескен бір топ мас адам ұсталды

 

 

Кеншілер қаласының ауласының тұрғындары күннің ортасында аулада алкоголь ішіп, жанжалы шғарған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Екібастұз ауласындағы төбелесті тұрғындардың бірі әуесқой бейнеге түсіріп, парақшалардың бірінше жария еткен. Желі қолданушылары қаланың бұл аумағында бұндай кикілжің үйреншікті жағдайға айналғанын жазып, пікір қалдыруда. Полиция тәртіп тұзушыларды анықтаған.

 

-Алкогольдік мас күйдегі барлық тұлғалар анықталып, уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізілді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады,-деп мәлім етті облыстық полиция департаменті.

 

Фото: Freepik.com