Екібастұз бағытындағы трассада көлік жанып кетті
Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД диспетчері пультіне хабарлама 4 шілдеде сағат 09:41-де келіп түскен.
-Екібастұз ауылдық аймағының Қарасор ауылынан 5 км жол бойында автомобильдің жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жалынды сағат 10:03-те сөндірді. 8 шаршы метр аумақта «Kia Carnival» жеңіл автокөлігі жанып кетті.
Оқиға орнында өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді,-деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: Freepik.com