Екібастұз тұрғыны жылу алпауытын сотта жеңді

Қыс бойы жылудан қиналған кеншілер қаласының тұрғыны «Екібастұзжылуэнергоны» сотта жеңіп шықты. Енді алпауыт оған материалдық шығын ақысын төлеуге міндетті.

 

Екібастұз қаласында Жігер көшесіндегі үйді жылу тоқтатылуы салдарынан батареялар мен құбырлардың жарылып кетуі орын алған еді. Тұрғындардың бірі осыған байланысты "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-не залалды қалпына келтіру туралы өтінішпен хат жазғанымен, алпауыт еш жауап қайтармаған. Өз күшімен құрылыс материалдарын алып, шығын чектері мен ілеспе құжаттардың түпнұсқаларын сақтап, материалдарын арызымен қоса сотқа жіберген. Осылайша, қатты суықта әбігерге түсіп, балалары ауырған отағасы жауапты ұйымнан материалдық залалды өтеуді талап еткен.

 

- Екібастұз қалалық соты тұрғынның арызы бойынша «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нен келтірілген залалды өтеуге қатысты азаматтық істі қарады. Арыз берушінің дәлелдері даусыз екені расталып, сот ол ұсынған талаптарды ішінара қанағаттандырды. 365 740 теңге көлемінде материалдық залал сомасын өндіріп, моральдік зиян сомасын 100 мың теңгеге дейін азайтты,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Айту керек, екібастұздық жылу алпауытына қатысты 15 тұрғыннан келіп түскен арыз қарастырылып жатқандығы белгілі