Екібастұзда қанды қылмыс жасаған қызды 16,5 жылға бас бостандығынан айырды
28 жастағы айыпталушы осы жылдың қаңтар айында көпқабатты үйлердің бірінде ер адамды өлтіріп, тағы бір әйелдің санына пышақ сілтеген деп хабарлайды irbistv.kz. Оған көршімен арадағы жанжал себеп болған.
Жан түршігерлік оқиға Екібастұз қаласындағы Энергетиктер көшесіндегі үйде орын алған. 28 жастағы қыз тныс ер адам мен мен оның сүйіктісінің үйіне барған. Бірге отырып ішімдік ішкен. Сол кезде пәтерге басқа көршісі бас сұқан. Айыпталушы онымен сөзге келіспей қалып, екеуін ажыратып үлгерген. Алайда соңғысы кек алуды шешкен. Ол подъезде тұрып 34 жастағы әйелді ұра бастаған. Кейін олар пәтерге кіріп, күдікті онда пышақты алып, өз құрбанының санына пышақ сұққылаған, жапа шегуші айғайлап баспалдақ алаңына жүгіріп шығып, есінен танып қалған. 32 жастағы ер адам болса ұйықтап жатқан.
-Ол пәтерге кірген соң, жапа шегушінің күйеуі біліп қойып, кек алады деп қорқып, ер адам ұйықтап жатқан кезде оны өлтіру үшін маңызды органдарына пышақ сұққан, - деп мәлімдеді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Нұрлан Қайырбеков.
Нәтижесінде 28 жастағы қыз ер адамды сол жерде өлтірген. Сосын қайта подъезге келіп танысына пышақ сілтеген. Оның да басын еденге соққан. Алайда жапа шегуші тірі қалған. Қылмыстық істі екі бап бойынша қарады.
- Сот жазаларды ішінара қосу арқылы айыпталушыны 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 23 шілдедегі үкімі бойынша өтелмеген 6 айлық жаза қосылып, түпкілікті жаза 17 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленді, - деді судья.
Айыпталушы 2018 жылы адам өлтіргені үшін сотталған. Оны 9 жылға темір торға қамап, кейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Алайда жарты жыл өтпей жатып әйел тағы да аса ауыр қылмыс жасаған.
