Екібастұзда әйел адамның қапқа салынған мәйіті қоқыстан табылды
Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласындағы М. Әуезов көшесінде орналасқан қоқыс контейнерлерінің бірінен әйел адамның дене бөлшектері салынған қаптар табылғаны туралы ақпарат тараған, - деп хабарлады irbistv.kz.
Павлодар облысының Полиция департаменті бұл фактіні растады. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
– Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
