Екібастұзда әйел балаға қол көтеріп, қорқытқан
Екібастұздағы аулалардың бірінде әйел баланы ұрып, оны қорқытқан. Оқиға тапа тал түсте басқа балалардың көзінше болған деп хабарлайды irbistv.kz.
Instagram желісінде жарияланған бейнеде баланың жылап жатқаны көрінеді, онда әйел айғайлап, балағат сөздер айтып, бауыздап, қылғындырам деп қорқытқан.
-Аталмыш дерек бойынша 30 маусым күні процессуалдық шешім қабылдау үшін екі материал тіркелді, - деп хабарлады Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғаливева.
Бұл кадрлар желі қолданушыларының ашуын тудырды. Көбісі мұндай қылық ересек әйелге жараспайды деп жазуда. Бейне 500-ден астам лайк пен 170-ден астам комментарий жинады.
фото: Freepik.com
