• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Екібастұзда биыл қоғамдық орындарда мас күйде болған 2 мыңнан астам азамат жазаланды

Екібастұзда биыл қоғамдық орындарда мас күйде болған 2 мыңнан астам азамат жазаланды

 

 

13 қыркүйек күні сағат 13:15-те полицияға Сәтбаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде ер адам жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары 48 жастағы ер адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізіп, орналастырды. Учаскелік инспектор әкімшілік хаттама толтырды, онда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

– Бұдан басқа, осы бап бойынша, егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайталап жасалса, заңнамада 10 АЕК мөлшерінде айыппұл не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Умаров.

Айта кету керек, 2023 жылдың есепті кезеңінде ғана мас күйінде ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда жүргені үшін қаланың 2007 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5890 адам жеткізілді.