Екібастұзда дүкен өртенді
Сауда нүктесі ішінен 20 адам эвакуацияланды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
29 қараша күні сағат 07:04-те 101 операторының пультіне Екібастұз қаласындағы Әуезов көшесі бойындағы бірінші қабаттағы дүкеннің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
-Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тез арада сөндіруге кірісті, газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен барлау жүргізілді. Дүкеннен 10 адам өз бетінше эвакуацияланды, өрт сөндірушілердің көмегімен тағы 10 азамат эвакуацияланды. Адамдарды жылыту үшін Екібастұз қаласы төтенше жағдай басқармасының вахтовкасы ұсынылды. 40 шаршы метр жалпы алаңды құраған өрт сағат 08:25-те толық жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Себебі анықталуда,-деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.
Фото: Павлодар облысының ТЖД.
