Екібастұзда медбике жалған дипломмен жұмысқа орналаспақ болған

 

 

Екібастұз қаласының тұрғыны медбике мамандығы бойынша жұмысқа орналасу кезінде медициналық қызмет және емханалық тәжірибеге қабылдану үшін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі берген дипломды қолдан жасап, жалған құжат дайындаған.

 

-Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

 

Осы бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Айту керек, бүгінде облыстық полиция департаменті 59 жалған құжатты тіркеген.