Екібастұзда подъезд ішінде дәрет сындырған әйел жауапқа тартылды
Азаматшаның дөрекі әрекеті үй кіреберісі ішіндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған дейді irbistv.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының 43 жастағы тұрғыны көшелердің бірінде орналасқан көпқабатты үйдің баспалдағында қажеттілігін өтеген. Осы құқық бұзушылық туралы “102” бөлімнің кезекші пультіне үй тұрғындары қоңырау шалып, бейнежазба ұсынды.
-Сот бұзақылық жасаған әйелді бес тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, сондай-ақ кіреберісті тазалады. Осы жылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Екібастұз өңірінің 234 тұрғыны жауапқа тартылды,-деп мәлім етте облыстық полиция департаменті.