Екібастұзда полицейлер есірткі таратушы қызды қолға түсірді
Павлодар облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері 26 жастағы қызды Жұмат Омашев көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан ұстаған деп хабарлайды irbistv.kz.
Күдікті бұрын сотталған болып шықты. Күдіктіні тінту барысында одан тыйым салынған затттар табылған.
-
Күдіктінің қалталарынан және сөмкесінен 27 орам табылды. Ол орамаларды «жасырын» орындар арқылы өткізбек болған. Сараптама табылған заттар салмағы 27 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықтты, бұл «аса ірі мөлшерге» жатады, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Күдікті есірткі заттарын интернет дүкен арқылы сатып алып, оларды әрі қарай сатпақшы болғанын жеткізді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297 бабы, 3 бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың баламаларын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Фото: Freepik.com
