Екібастұзда рульде келе жатып бейне түсірген жүргізушіге айыппұл салынды
Екібастұзда жүргізуші қозғалыс кезінде телефонына бейнежазба түсіріп, оны Telegram желісіне жариялаған. Жазбаны полицейлер байқап, кейін әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды irbistv.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Telegram-нан жеңіл автокөлік жүргізушісінің қозғалыс кезінде смартфонды пайдаланып, бейне түсіріп отырған сәтін тапты.
– Автоәуесқойдың жеке басы анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны үшін әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
Жыл басынан бері көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 1 974 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
