Екібастұзда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды
Күдікті әйел ұсталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қылмыстық жағдай 9 қаңтар күні Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде болған. Полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде тұрмыстық жанжал болғанын анықтаған.
-Болжам бойынша, жанжалға қатысушылардың біріне бірнеше пышақ соққысы жасалған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті тез арада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп мәлім етті полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: freepik.com
