Екібастұзда жер үй өртеніп, бір адам қаза тапты
Жеке тұрғын үйдегі өрт кезінде үш адам құтқарылды хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Екібастұз қаласында жеке тұрғын үйдегі өрт жайлы хабарлама 8 қаңтар күні сағат 20:38-де келіп түскен.
-Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, үйдің шатырындағы ағаш құрылымдар, жиһаздар мен тұрмыстық заттарды шарпыған жалынды ауыздықтауға кірісті. Үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Сондай-ақ 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт сағат 21:37-де толық сөндірілді. Шығу себебі анықталуда,-дпр жеткізді облыстық ТЖД.
Полиция мәліметінше, аталған жер үй тұрғындары қоғамға жат өмір салтын жүргізген.
Фото: Облыстық ТЖД
