Екібастұзда жертөлеге құлаған зейнеткер құтқарылды
Қария өзінің жер үйінде жертөлеге құлап, құтқарушылардың көмегіне жүгінде деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Оқиға 2 қараша күні Екібастұздағы Амангелді көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінде болған. 112 пультіне қарт адамның жертөлеге құлағандығы жайлы хабарлама келіп түскен.
- 1956 жылы туған қарт адам жертөлеге құлап, алған жарақаттарына байланысты өздігінен шыға алмаған. Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, альпинистік және арнайы жабдықтардың көмегімен жәбірленушіні көтеріп, зейнеткерді жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды,-делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
фото: Freepik.com
