Екібастұзда жолдарды заңсыз жөндеумен айналысқандар жауапқа тартылды
Тас жолдарды заңсыз жөндеу салдарынан су құбыры бүлініп, перзентхана біраз уақыт сусыз қалды дейді irbistv.kz тілшісі.
Оқиға 27 қыркүйекте орын алған. Қала аумағына тексеру жүргізу кезінде Мәметова көшесінде перзентхана қасында және жанында жер жұмыстары заңсыз жүргізілгені анықталған.
-Жұмыстарды заңсыз жүргізу кезінде су құбыры бүлініп, перзентхана біраз уақыт сусыз қалды. Қаланың төтенше жағдайлар қызметінің мамандары барлығын қалпына келтірді. Жер жұмыстарын орындаған ЖШС басшысы тиісті рұқсатсыз ҚР жол қозғалысы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, лауазымды адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Екібастұз қаласы ПБ бастығы Нұрғазы Жәмшитов.
Айту керек, биыл облыста жолдарда жұмыстарды жүргізу, трассаны күтіп ұстау және басқа да жол құрылыстары бойынша талаптарды орындамағаны үшін 19 бұзушылық анықталды.
Фото: иллюстрация