• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Екі жігітті павлодарлық азаматтан 50 мың теңге бопсалағаны үшін соттады

Екі жігітті павлодарлық азаматтан 50 мың теңге бопсалағаны үшін соттады

 

19 және 18 жастағы күдіктілер өздеріне таныс қызды қорғап ақша талап еткен дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Ақша табуға бес күн уақыт берген. Кейін жапа шегушіні ұстап алып, ұрып-соғып, ақша тапқанында беремін деген желеумен айфонын алып қойған. Бірнеше күннен соң бопсалаушылар тағы келген. Бұл жолы құрбанның жағын сындырып, екі тісін қағып алған. Нәтижесінде барлығы полицияға тап болды. Қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен жігіттерді кінәлі деп танып, 3 жарым жылға бостандығын шектеді