Екібастұз маңында заңсыз балық аулағандар ұсталды

 

 

Павлодар облысының аумағында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері және браконьерлік фактілерді анықталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Рейд барысында Екібастұздағы МАЭС-2 маңындағы Шандысор көлінде балық аулау фактісі анықталды.

 

-Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін өрескел бұзғаны үшін тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдалана отырып, 63 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік материал толтырылды, онда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Және 37 жастағы екібастұздық Басентин көлінде рұқсат құжаттарсыз балық аулаған. Осылайша балық аулау ережелерінің талаптарын бұзды. Әкімшілік материал толтырылды, онда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Әкімшілік іс жүргізу материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Екібастұз қаласының әкімшілік сотына жолданды, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Талғат Шанкотов.

 

Айту керек, жедел-профилактикалық іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады.

 

Фото: Облыстық ПД