• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Екібастұз маңында қараусыз жүрген жылқылар жол көлік оқиғасына әкелді

Екібастұз маңында қараусыз жүрген жылқылар жол көлік оқиғасына әкелді

 

Трасса бойында иесіз жүрген 6 жылқыны көлік қағып, салдарынан бірнеше авто зардап шеккен дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Жол көлік оқиғасы 15 шілде күні Шідерті-Астана бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолының 18 шақырымында түнгі уақытта болған.

 

- «Лада Ларгус» маркалы көлік трассада қараусыз жүрген 6 жылқыны қағып кеткен. Нәтижесінде, өзге екі өзге авто, жерде жатқан малға соғылып, жол-көлік оқиғасына тап болған. Жүргізушілер мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда, қараусыз малдың иесі анықталуда,-деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінде.

 

Иесіз жылқыға кез болған үш көлікке келтірілген шығын көлемі есептелуде.

 

Фото: Freepik.com